Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Еріктілер блокпосттарға ыстық тамақ жеткізді

Қоғам

13
Павлодарлық еріктілер бүгін Жетекші ауылы жанындағы блокпостқа келді. Айта кету керек, мұндағы кезекші дәрігерлер мен тәртіп сақшылары ауысыммен жұмыс істейді. Бір бекетте тәулігіне отызға жуық адам тұрады. Оларда көбінесе ыстық тамақ ішуге мүмкіндік бола бермейді. Бүгін еріктілер блокпосттағыларға пицца, бауырсақ, салат, рагу және тәттілер әкелді. Ал кезекшілікте тұрғандар мұндай қолдау бізге күш береді дейді.

-Қыс мезгілі болғандықтан әрине мұнда тоңасың. Дала суық. Сондай кезде ыстық тамақ әкеліп жатқаны әрине қуантады. Індетпен күресте барлығымыз бір-бірімізге қолдау танытсақ керемет емес пе? -дейді Павлодар қаласы №5 емханасының қызметкері Динара Дәуітова.

 

Айта кету керек, еріктілер Павлодар қаласының аумағында орналасқан барлық блокпост қызметкерлеріне бес күнде бір рет барып, ыстық тамақ жеткізіп тұрады. Карантин шаралары аяқталғанға дейін осындай қолдау білдіруге дайынбыз дейді.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()