• Басты бет
  • Қоғам
  • Ер есімі-ел есінде: Павлодарда Мейіржан Аймановқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Ер есімі-ел есінде: Павлодарда Мейіржан Аймановқа арналған мемориалдық тақта ашылды

Павлодарда қылмыстық атқару жүйесі комитетінің оқу орталығында Мейіржан Аймановқа арналған мемориалдық тақта ашылды.Азаматтық қорғаныс полковнигі 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысындағы ату жарақтары қоймасында шыққан өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан. Айта кету керек, Мейіржан Айманов 90 жылдары біздің қалада оқып, осында ант қабылдаған. Марқұмның туысқандары ішкі істер министрлігінен оқыған орнында естелік тақтасын ашуды сұраған. Бүгінгі шараға батырдың туысқандары Тараз қаласынан арнайы келді.

 

-Ол бірінші жарылыстан соң, өзінің ұлымен құрдас әріптесін құтқаруға кіріп кеткен. Алайда , сол кезде қатты жарылыс болып, оның өмірі қиылды. Өмірде ашық, көңілді, үлгілі ұл, үлгілі әке, адал жар болатын. Әріптестері де қатты құрметтейтін еді. Әсіресе, жастар сыйлайтын. Өкінішке орай, өмірі тым қысқа болды,-деп айтты шараға қатысқан Мейіржан Аймановтың інісі ӨміржанАйманов.