• Басты бет
  • Қоғам
  • Ерекше сый: Павлодарда «Олимп» зертханалар желісі «Мектепке жол» акциясын қолдады

Ерекше сый: Павлодарда «Олимп» зертханалар желісі «Мектепке жол» акциясын қолдады

Жаңа оқу жылының басталуы — ата-аналардың қалтасына әжептәуір салмақ түсіретін кезең. Кейбір отбасылар үшін баланы мектепке дайындау тіпті қиынға соғады. Сондықтан «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі 1 қыркүйек қарсаңында арнайы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Біреулер үшін оқу құралдарын сатып алу — жаңа оқу жылы қарсаңындағы әдеттегі шаруа. Ал кейбір отбасыларға бұл ретте қолдау қажет. «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісі балалар қажетті оқу құралдарына алаңдамасын деген ниетпен әр жиынтықты ерекше ықыласпен дайындаған. Сөмкелердің ішіне сабаққа қажетті барлық оқу құралдары мен шағын сыйлықтар салынды. Іс-шараға келген балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

-Көңіл күйіміз тамаша, керемет әсердеміз! Балаларды мектепке дайындау кезінде осындай қолдау білдірген «Олимпке» үлкен рақмет. Бала көп, бәрінің жүзінде қуаныш. Сөмкелер де ыңғайлы, оған қоса тағы сыйлық жасаған. Осындай игі акциялардың болғаны қандай жақсы!, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Мақпал Жарықпасова.

 

 

-Біздің зертханалар желісіне биыл 20 жыл. Соған орай балаларды мектепке дайындауға көмек акциясын өткізуді ұйғардық. Баланың бөтені болмайды. Сондықтан арнайы іс-шара ұйымдастырып, балаларға жаңа сөмкелер мен қажетті оқу құралдарын тарту еттік». «КДЛ ОЛИМП Ертіс» ЖШС бас директоры Төлеген Магауов.

 

Мұнда дәптер мен қарындаштың бағасы емес, балалардың жүзіндегі шынайы күлкінің құны биік. Өйткені олар үшін жаңа оқу жылының басталуы — жаңа білім мен мақсаттарға бастайтын жол. Сондықтан алғашқы күн қиындық туралы оймен емес, тек қуанышпен басталғаны маңызды. Ал «КДЛ ОЛИМП Ертіс» ЖШС өкілдері бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

 

Роза Жомартқызы