ERG АҚ 20 отбасыға арналған азық-түлік себетін дайындады

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы акционерлік қоғамы кәсіпорынға айрықша еңбегі сіңген, сонымен қатар өмірінің біраз бөлігін  қызметіне арнаған ардагерлерді ұмыт қалдырмайды. Солардың бірі - Болат Нәбиев. Ол «ЕЭК» АҚ-ғы еңбек өтілін асқан сағынышпен есіне алады. Бүгін зейнеткердің шаңырағына кәсіпорын мамандары келіп мерекемен құттықтады.       

 

- Станция басшылығына, жұмысшыларына үлкен алғысымды айтамын. Жастардың тек еңбекпен емес, игі істермен шұғылданып жатқаны қатты қуантады. Өзім 40 жыл көлемінде бригадада слесарь болып қызмет еттім. Және еш өкінбеймін, - деді Болат Нәбиев.

 

Еуразиаттық энергетикалық корпорациясының жастар кеңесі 20 отбасыға арналған азық-түлік себетін дайындады. Барлығы ерекше күтімді қажет ететін балаларға табысталды.       

  

- Әріптестерімізге көмек көрсету жастар кеңесінің дәстүрлі шарасына айналған. «ЕЭК» АҚ лайықты еңбек демалысындағы ардагерлерді және балаларды ешқашан ұмыт қалдырмайды. Менің ойымша карантин кезінде қайырымдылық акцияларды барынша жасауымыз керек, - деді «ЕЭК» АҚ жол қараушы машинисі Нұрәли Қабдынасыров.        

 

«ЕЭК» АҚ - дағы әлеуметтік сала басымдыққа ие. Сондықтан әртүрлі бағытта көмек көрсетіледі. Айта кетейін, су тасқынының алдын алу мақсатында Ақсу кентін қардан тазалауға арнайы техника шығарылды. Кәсіпорын қызметкерлері жақсылық жасаудан ешқашан жайлықпайтындықтарын тағы бір рет дәлелдеді.