• Басты бет
  • Қоғам
  • ERG компаниясы жаңа жобалардың қолдауына 100 миллион теңге бөлуде

ERG компаниясы жаңа жобалардың қолдауына 100 миллион теңге бөлуде

Ақсуда «Tugan qala» жобасы басталып, шаһарды көркейту және абаттандыру жұмыстарына қатысты ұсыныстар қабылдана бастады. Мұндай мүмкіндікті металлургтер қаласына екінші жыл қатарынан ERG компаниясы ұсынып отыр.

 

  • ERG компаниясы 2022-ші жылы жаңа жобалардың қолдауына 100 миллион теңге бөлуде. Мұның барлығы жыл сайын облыс әкімдігімен жасалынатын әлеуметтік серіктестік меморандумы аясында. Ең бастысы жобаларды Ақсу қаласының тұрғындары өздері ұсынады. Әрине, бастапқыда олардың көбісі идеялар ретінде келеді. Жобалық орталықтың мақсаты сол идеяны үлкен жобаға айналдыру,- дейді «Десента» жобалық орталығының басшысы Сергей Гуляев.

 

Ақсулықтар қаланы абаттандыруға қатысты өз бастамалары мен ұсыныстарын сәуірдің 18-інен мамырдың 17-і аралығында арнайы құрастырылған сайтқа жолдай алады. Кейін ұсыныс авторлары сарапшылардың қолдауымен, бастамасын жоба етіп, жетілдіріп, түйінді кезеңде қала тұрғындардың өзі үздік идеяны таңдайды.

 

  • Мысалы, бұл ауладағы жиектастардың және жаяу жүргіншілердің жолын жөндеу болуы мүмкін. Сондай-ақ, көгалдандыру, балаларға арналған кіші архитектуралық формалар мен алаңдарды ретке келтіру сияқты жобалар. Өткен жылғы тәжірибеге сүйенсек, адамдар көбінесе осындай бастамаларды қолдауды сұрайды,- дейді «Десента» жобалық орталығының басшысы Сергей Гуляев.

 

Айта кетсек, 2021-ші жылы дауыс беру арқылы ұсынылған 16 жоба қолдау тапқан болатын. Олар биыл жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Ал ағымдағы жылы бөлінетін қаражат 100 миллион теңгеге дейін өсіп, бір бастамаға берілетін максималды сомма 9 миллион теңгеге дейін ұлғайды.

 

  • Сіздер ағымдағы жылы дер кезінде аталмыш жобаны жүзеге асыруды бастадыңыздар. Қаламыздың тұрғындары мұндай бастамаларға қуанып, жыл сайын өз белсенділіктерін танытып отырады. Биыл сіздердің кәсіпорындарыңыз Ақсу қаласының орамішілік аумағын абатандыруға қосымша 100 миллион теңге бөлуде. Біз әрине мұндай бастаманы қуана қабылдаймыз,- дейді Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов.

 

Ағымдағы жылы түскен бастамаларды бағалау үшін сарапшылар тобы құрылып, оның құрамына әкімдік, қала құраушы кәсіпорындар және қоғам белсенділері шақырылады. Мақұлданған жобалардың жүзеге асырылу барысы әлеуметтік желіде жарияланып отырады.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа