ЕRG Павлодар облысының тауар өндірушілерін қолдайды

Келісім жаңа өндіріс орындарын ашуға, сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті ұлғайтуға септігін тигізеді деді кездесуде. Меморандумға қатысушылардың бірі - Қазақстан электролиз зауыты. Еуразиялық топ кәсіпорындары отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосуда.

- Меморандум біздің жылдық сатып алуымыз жайлы бағдарламамен бөлісуді қарастырады. Ол бағдарлама туралы Павлодар облысы тауар өндірушілерінің үлкен тобы білетін болады. Біз Қазақстан Электролиз зауыты осы меморандум нәтижесі бойынша жабдықтаушылар саны, сапалы тауарларға, бағасы төмен жұмыстар мен қызметтерге қол жеткіземіз деген ойдамыз, - деді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті Серік Дөнбекбаев.

ERG - импорт алмасу бағдарламасының белсенді қатысушысы. Компанияда қойылған талаптарға сай келетін кез келген қазақстандық тауар өндіруші олардың серіктесі бола алатынын тілге тиек етті.  

- Бізде сатып алынатын тауарлар, қызметтер мен жұмыстардың номенклатурасы өте үлкен. Сатып алудың жылдық бағдарламасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде қазақстандық үлес 80%. Оның 70 пайызы Павлодар облысының кәсіпорындары. Бізді арнайы киім, жеке қорғаныш құралдарының және металл бұйымдарының ассортименті қызықтырады, - дейді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті.

Еуразиялық топ төрт жылдан астам уақыт бойы индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігімен және «Атамекен»  ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықта. Айта кету керек, ERG  жыл сайынғы сатып алу көлемі шамамен екі миллиард доллардан астам.