"ERG Service" ЖШС жас буынды қолдауды дәстүрге айналдырмақ

  • Сайысқа қос бірдей ЖОО-ның студенттері қатысуға ниет білдірген. Айта кетейін, үздік атанғандарға кәсіпорын еңбек келісімшартын ұсынады. «ERG Service» ЖШС ұйымдастырып отырған осы жолғы байқауда жастардың таңдаған мамандықтары бойынша дағдылары тексеріледі. 3 кезеңнен тұратын сайыста 3D үлгілеудің негізі тапсырмалары беріледі. Бұл тестілеу, бұйымды жобалау, сондай-ақ, техникалық процессті сипатттау. Ниеттілердің жартысы ЖОО қабырғасында бағын сынаса, қалғаны ZOOM платформасы арқылы қатысуда.

    -Тапсырмалар өте қызықты. Теориялық білімімізді тексердік. Біздің қазіргі міндетіміз қандай да бір механизмді немесе жеке бөлшектерді жобалау, модельдеу. Студент ретінде инженер-конструктор мамандығы асқан жауапкершілікті талап етеді деп есептеймін. Құрылғыларды, бөліктерді жоспарлау кезінде қателікке жол бермеу қажет,- дейді ИнЕУ инженерлік-технологиялық факультетінің деканы, химия ғылымдарының докторы Александр Свидерский.

    Осылайша «ERG Service» кәсіпорны болашағынан үміт күттірер жастарға таптырмас мүмкіндік сыйлауда. Студенттер тарапынан да замануи үдеріске қызығушылық жоғары.

    -Өткен жылғы байқауда біздің университет студенттері өздерін жақсы қырынан таныта білді. Осы жолғы шара да жастар үшін және «ERG Service» кәсіпорны үшін сәтті болады деп үміттенемін. Себебі, ол біздің өңірдегі машина жасау, технологиялық машина жабдықтары, IT бағыттары бойынша ең үлкен жұмыс беруші болып табылады,- дейді ИнЕУ студенті Александр Свидерский.

    Байқау қорытындысы бойынша үздік 3 студент өңіріміздің ең үлкен кәсіпорнында жұмысқа орналасады. Осы орайда өткен жылғы жеңімпазбен сұхбаттасуға мүмкіндік алдық. Вячеслав Шумахер қазіргі таңда Павлодар машина жасау зауытында еңбек етіп оқуын жалғастыруда.

    -Павлодар машина жасау зауытының ұжымы мені жылы қабылдады. Мұндағы білікті мамандар менің маңызды қызметкер емес екенімді дегенмен әлі үйреніп жүргенінмді білді. Қызмет барысында үнемі қол ұшын созады. Өткен жылғы байқаудың арқасында бүгінде көптеген тәжірбие жинаудамын. Мақсатым зауттың белді маманына айналу,- дейді «ERG Service» ЖШС конструкторлық технологиялық бөлімінің инженер-конструкторы Вячеслав Шумахер.

Байқау нәтижесі бойынша Григорий Скибра, Алексей Веремчук, Дмитрий Пугач және Максим Федкевич жүзден жүйрік атанды. Бұл ретте, «ERG Service» ЖШС аталмыш бағытта қолдау көрсетуді жалғастыра бермек себебі өндіріс аясының кеңейуіне байланысты мамандар үнемі қажет екенін айтуда.

Авторы: Бекбол Мырзахан