• Басты бет
  • Қоғам
  • ERG Service мамандары жасаған алғашқы онтекшелік шөміш тапсырыс берушіге жөнелтілді

ERG Service мамандары жасаған алғашқы онтекшелік шөміш тапсырыс берушіге жөнелтілді

ПМЗ мамандары жасаған 10 текшелік шөміштер №6 балқыту цехында жоғарыкөміртекті феррохром өндірісінде пайдаланылады. Білікті қызметкерлер оны оңтүстік африкалық «Tenova» компаниясы мамандарының сызбасы негізінде бастаған. Шетелдік компания өкілдері Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №64 пешті қайта жаңғыртқан болатын.

 - Біз металлургтермен тығыз байланыста болдық. Олар да осындай көлемдегі шөмішті алғаш рет қолданып көргелі отыр, - деді «ERG Service» ЖШС өндіріс жөніндегі директорының міндетін атқарушы Леонид Белогривый.

 Дайын өнімнің қаптамасыз тұрғандағы жалпы салмағы – 15 тоннадан асады. Көлемі де көз тоярлық: биіктігі 3,6 метр, диаметрі де 3 метрден астам. Шөміштің барлық құймалы құрамдас бөліктерін сервистік компанияның өз құю механикалық цехы жасап шыққан. Сондықтан, нық сеніммен өнім жоғары температура мен соққыларға төзімді деп айта алады.

 - Дер шағында қабылданған дұрыс инженерлік шешімдер компанияның экспорттық мүмкіндіктерін кеңітеді, - деді «ERG Service» ЖШС Бас директоры Сергей Петухов. – Бұл нарықтағы өзге кәсіпорындарға техникалық тұрғыда осындай күрделі өнімдерді шығара алатын, тапсырыс беруші алдындағы құю міндеттерін толық атқара алатын сервистік компания бар екенін хабарлау.

 Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтеріне ERG Service осындай V 10м3 жалпы саны 13 құйма шөміш жеткізбек. Сервистік компания – «Қазхром» ТҰК» АҚ-ына көлемі 0,16 м3, 1,7 м3 и 2,3 м3 шөміштер жеткізетін сенімді серіктес. Тек жыл басынан бері компания осындай 30 шөміш жасап, жеткізіп берген.