Ерлі-зайыпты павлодар облыстық ауруханасын сотқа берді
Светлана Педченко үш жылдан бері Новосібірде тұрады. Алайда барлық балаларын Павлодарда дүниеге әкелген. Кішісін 1993 жылы екінші қалалық ауруханада туған. Сол кезде палатада тағы бір әйел жатқан. Босану арасындағы уақыт айырмашылығы - 20 минут. Нәрестелерді бір үстелге қойған. Дәрігерлер қателесіп балаларды ауыстырып алуы мүмкін дейді Светлана.
- Ол менің үлкен ұлыма ұқсас болды. Менің ұлым ақшыл, көк көзді, ал маған қара көзді қызды қолыма ұстата салды. Менің күйеуімнің арғы атасы шешен болғандықтан мен бұл менің балам емес деп ойламаппын да. Тіпті елестете алмадым, - деді Светлана Педченко.
Қазір қызы 27 жаста. Өткен жылы әлеуметтік желіден әйелдің суретін кездейсоқ көріп қалған. Көзіне бірден жылы ұшырапты. Оның парақшасына кіріп өзіне ұқсас тағы бір қызды байқаған. Сол кезде Светланаға балаларды перзентханада ауыстырып алған деген күдік келген.
- Біз Павлодарға бардық. Кездестік. Иә қызым жақсы отбасында тәрбиеленіпті, онда барлығы жақсы, дегенмен де өмірді кері қайтара алмайсың ғой. Ештемені өзгерте алмайсың. Жаным ауырады. Әрі қарай не істейтінімді білмеймін, - деді Светлана.
Әйелдің күдігін ДНК тест растады. Ол өзі өсірген қыз 100 пайыз туған қызы емес болып шықты. Нәтижесінде Светлана күйеуімен бірге аурухананы сотқа беруді шешкен.
- Павлодар қалалық сотында Педченко Олег пен Педченко Светлананың Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының үшінші тұлғасын тартып, моральдық шығын талап ету жөніндегі қуынымы бойынша азаматтық іс бар. Қазіргі таңда азаматтық іс қаралуда, - деді Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы Руфат Ерғалиев.
Ерлі-зайыптылар моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап етуде. Айта кету керек, Светлананың үш баласы болған, екіншісі 1991 жылы бір тәуліктен соң дәл осы перзетхана бөлімшесінде ресми түрде екі жақты өкпе қабынуынан көз жұмған.

