Ертіс өзеніне 3 мыңға жуық сібір бекіресі жіберілді

Бірегей экологиялық акцияның Ертіс гидрометаллургия комбинаты дәстүрге айналдырып, қатарынан екінші жыл игі бастаманы өткізуде. Шараға қатысқан балалар да, бекірені өз қолдарымен өзенге босатып, керемет әсерге бөленді.

Сібір бекіресі – Ертіс өзенін мекендейтін балықтардың ішіндегі ежелгілерінің, әрі ірілердің бірі. Соңғы жылдары популяциясы күрт төмендеген. Алайда, «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» қатарынан екінші жыл бекіренің санын арттыруды қолға алып, балықтандыру бойынша экологиялық акция өткізуде.

 

- Үш мыңға жуық балықты өзенге жібердік. Биыл экоакцияға көбірек қаражат жұмсап, жасы үлкендеу дарақтар сатып алынды. Өйткені төлді суға жіберсе, олардың жыртқыштардың ортасында бейімделуі, өміршеңдік деңгейі төмен. Ал 2-3 жыл бойы өсірілген бекіренің өсенде өсіп, өну көрсеткіші әлдеқайда жоғары,-деді «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС директоры Арман Бейсембинов.

 

Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты экоакцияны ихтиолог ғалымдардың сүйемелдеуімен өткізді. Басты мақсат, Ертіс бекіресінің генін таза қалпында сақтап, келешек ұрпаққа аманат қылу.

 

-Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты үлкен экоакция жасап жатыр. Қатарынан екінші жыл өткізіп отыр. Бекіре тұқымдасты балықтандырып жатыр. Бұл өте қажетті, әрі маңызды шара болып табылады ,-деп жеткізді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Сағын Төлеутаев.

 

Бірегей шараға қаламыздың мектеп оқушылары да жұмылдырылып, олардың ішінде фотоконкурс жеңімпаздары комбинат атынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Бұдан бөлек, жасөсмірімдер Ертіс бекіресін өз қолдарымен өзенге босатуға ат салысты.