Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Ертістен адамның жақ сүйегі табылды

Қоғам

44
Ақсулық тұрғын Ертістің жағасынан адам денесінің бөлшегін тауып алған. Оқиға орнына бірден арнайы мамандар жетті.

Отбасы Ертіс өзені жағасында демалыс ұйымдастырған. Ал балық аулаған кезде қармаққа әлдеқандай зат ілініпті. Оны көтерген кезде адамның жақ сүйегі болып шыққан. Оқиға орнына бірден полиция мен құтқарушылар, жедел тергеу тобы жетті. Олар жағалау маңы мен су түбін тінтіп шыққанымен одан өзге ештеме көзге түспеген. Аталған жерге барған еріктілердің айтуынша бұл іздеуде жүрген адамдардың бірінің сүйегі болуы әбден мүмкін.

 

- Барлығын сараптама көрсетеді. Осыдан төрт жыл бұрын әскери қызметші Марат Бегалинов құпия жағдайда жоғалып кеткен болатын. Ол болмаса жақсы болар еді әрине. Алайда ол әлі күнге дейін табылмады.  Сүңгуірлер судың түбін қарап шыққанымен сол күні жел кедергі болды. Дегенмен де жақ сүйек жақсы сақталған деуге болады, - деді ерікті Әсем Сейілканова.

 

Ал ПД аталмыш дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()