• Басты бет
  • Қоғам
  • Ертіс өзеніне масаға қарсы биологиялық препаратты құю 8 жерден өткізіледі

Ертіс өзеніне масаға қарсы биологиялық препаратты құю 8 жерден өткізіледі

 

 

Масаның қаншалықты азайғаны және оларға қарсы күрестің нәтижелі болғандығын тұрғындар бағалайды. Бұл туралы облыс әкімі Аққулы ауданына жұмыс сапары аясында мәлімдеді. Асайын Байханов биологиялық препаратты Ертіс өзеніне құю шараларының барысымен танысып қайтты.

 

Ертіс өзеніне масаға қарсы биологиялық препаратты құю 8 жерден өткізіледі. Солардың қатарында Аққулы ауданындағы Бесқарағай және Черное ауылдарында өңдеу басталып кеткен. Әдеттегідей, мамандар препараттың өзендегі басқа тіршілік иелеріне зиянды емес екендігін еске салды.

 

-Өткен жылғы тәжірибе бойынша, біз илемдік технологияны қолдандық. Препараттар дайындалып, осы күні 34 мың литр өңделіп отыр,-деді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшылығына Әйгерім Қабылтаева.

 

Облыс әкімі Асайын Байханов ғылыми топ өкілдерімен кездесу барысында маса дернәсілдерінің биыл азаяю себебін де талқылады. Дей тұра, мазаны кетіретін шіркей мен масаның саны төмендегендігін халықтың өзі мойындаса ғана, жұмыс нәтижеле екендігін жеткізді.

 

-Дернәсілдердің төмендеуіне жыл сайынғы жүйелі өңдеу жұмыстарын және өзен тұрақтылығы әсер етті деп айтуға болады. Бұрын су жылынатын, ал биыл өзен салқын,-деп жеткізді мамандар.

 

Өзен бойында 720 шақырып қашықтықты өңдеуге 10 күн қарастырылған. Кейін 2 масаға қарсы шаралардың екінші кезеңі де бар көрінеді. Әзірге қалалар мен аудандарда ұшақпен әуе арқылы өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын.