• Басты бет
  • Қоғам
  • Ержан Иманслям бүгін екінші Павлодар тұрғындарының сауалдарына жауап берді

Ержан Иманслям бүгін екінші Павлодар тұрғындарының сауалдарына жауап берді

Екінші Павлодар ауданының жеке секторынан қар шығарылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Целинная, 91 мекенжайының тұрғыны пәтердегі салқын батарея туралы айтты. Адамдардың мәселе қосымша орнатылған сорғы құрылғыларынан пайда болған дейді.

 

- Сіздердің үйлеріңізде жүйенің жуып-шаю жұмыстары орындалмады. Бұдан бөлек, жеке үйлерде қосымша сорғы құрылғылары болуы мүмкін. Сол себепті төмен қысым келеді, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

 

Екінші Павлодар ауданындағы кәріз жүйесі туралы да сөз қозғалды. Жергілікті тұрғындардың айутынша, Целинная көшесінде орналасқан тұйық көшеге желі тартылмаған. Салдарынан адамдар көктемде су астында қаламыз деп уайымдауда.  

 

- Целинная көшесінің бойында кей жерлерге желі тартылмады. Жазда жұмыстар жалғасады. Су құбырын тартудың екі кезеңі аяқталды. Бүгінде үшінші кезеңнің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Нәтижесінде екінші Павлодар ауданы толықтай қамтылады, - деді Ержан Иманслям.  

 

Бұдан бөлек, қала әкімі екінші Павлодарды абаттандыру бойынша жоба дайындалып жатқандығы туралы айтты. Жұмыстар технологиялық, темір жол  колледждің аумағы және Литвинов көшесіндегі саябақта жүргізіледі.