Еріктілер 1 жыл бұрын өлген адам мәйітін тапты
Еріктілер Екібастұздан бес шақырым жерден бір жыл бұрын асылып қалған ер адамды тауып алған. Олар басқа адамды іздеп жүріп, ағашта ілініп тұрған мәйітке тап болған. Еріктілер жан түршігерлік оқиға туралы өз инстаграм парақшасында айтты. Олар басқа бір жігітті іздеп жүріп, осы мәйітке тап болған. Ағашқа ілініп тұрған, тек сүйегі ғана қалыпты. Жанында сөмкесі мен ұялы телефоны болған. Полицияда ақпаратты растады.
-Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталды. Ол Екібастұз қаласының 39 жастағы тұрғыны, анасының айтуынша 2021 жылдың мамыр айында жоғалған. Ол ұлым жоғалды деп полицияға жүгінбеген. Мәйітті қарау кезінде денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылмады,- дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Қуандық Қасымов.
Полицияда ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған деді. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс ашылған, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы