Еріктілер блокпосттарға ыстық тамақ жеткізді

-Қыс мезгілі болғандықтан әрине мұнда тоңасың. Дала суық. Сондай кезде ыстық тамақ әкеліп жатқаны әрине қуантады. Індетпен күресте барлығымыз бір-бірімізге қолдау танытсақ керемет емес пе? -дейді Павлодар қаласы №5 емханасының қызметкері Динара Дәуітова.

 

Айта кету керек, еріктілер Павлодар қаласының аумағында орналасқан барлық блокпост қызметкерлеріне бес күнде бір рет барып, ыстық тамақ жеткізіп тұрады. Карантин шаралары аяқталғанға дейін осындай қолдау білдіруге дайынбыз дейді.