Еріктілер өз қатарларын арттырмақ

Акцияны әр түрлі орындарда өткізетін еріктілер бүгін орталық жағажайға келді. Белсенді жастар қолдарындағы парақшаларын шаһар тұрғындарына тарата бастады. Онда коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған мәліметтер жазылған.

 

- Кейбіреулері болады үндемей алып кетеді, кейбіреулері сұрайды немене акция деп. Біз кім боламыз? Не үшін жүрміз? Мұнда қалай, соны инфекцияны қарсы алуға, қалай бірінші симптомдарды біліп алуға, қайда бару керек және қандай номерлерге звандау керек екені жазылған, - деді ерікті Нұрдәулет Әбдіходжаев. 

 

Еріктілер басты мақсаты - буклеттер арқылы көпшілікке сақтық шараларын орындауды еске салу. Халық та акцияның өте тиімді екенін айтуда.

 

- Менің ойымша мұндай акциялар аса қажет. Бұл жерде сақтық шаралары көрсетілген. Еріктілерді жиі байқаймын. Буклеттерді тастамай оқып шығамын, - деді қала тұрғыны.

 

10 шақты адамнан құралған топ дәл осылай аптасына 2-3 рет қала көшелерін аралап отырады. Бұл ретте Павлодардың ерен еріктілері арнайы парақ таратудан бөлек, тәртіп сақшыларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарады.

 

- Өңір аумағында 7 еріктілер клубы бар. Олар  карантин кезеңінде үлкен көмек көрсетті және қазіргі уақытта да  жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, олар біздің арнайы мониторингілік топтардың құрамына қосылған, - деді Павлодар облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат ҚАЙЫРОВ.   

 

«Жақыныңа жанашыр бол» акциясы әлі жалғасады. Жастар санын арттыру көзделіп отыр. Ұйымдастырушылар әр тұрғынның санитарлық талаптарды қатаң сақтауы пандемияның өршуіне айтарлықтай тосқауыл болады дейді.