Ескі үйдің жыры аяқталып, жалдамалы пәтер табылды

Бірнеше күн бұрын Ирина Климова жалдамалы пәтер тауып беріңдер деген өтінішпен әкімдік табалдырығын тоздырған болатын. Ол кезде көмек беретіндер кездеспеді. Әйел біздің телекомпанияға жүгініп, мәселе көпшілікке таралғаннан кейін баспана табылды.

 

- Мәселеге сіздер араласқаннан кейін маған қала әкімінің орынбасары келді. Риэлторды шақырып, тез арада «Белочка» аумағынан пәтер тауып берді. Мектепке жақын болмаса да келістім. Ең бастысы мұндай сұмдық жағдайдан көшемін. Жаңа пәтерді сонда күтемін деген ниеттеміз. «Ирбис» телекомпаниясына алғыс білдіремін. Сіздердің көмегімен мәселе шешілді, - дейді Ирина Климова.

 

- Маусым айынан бүгінге дейін бір отбасыдан басқа барлық пәтер иелері қоныстандырылды. Онда Ирина Климинаның отбасысы тұрды. Оның алдында әйелге Қамзин, 10 мекенжайынан жалдамалы пәтер ұсынылды. Алайда, мектепке алыс болады деп ол адам бас тартты. Қала әкімінің бұйрығымен отбасыға шаһар басшысының орынбасары барып, Катаев көшесінен пәтер табылды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Сондай-ақ, әкімдікте заттарды көшіруге көмектесетіндерін жеткізді. Бүгінде Расковой көшесіндегі №3-үйдің тұрғындары толықтай көшірілді. Алдағы уақытта, ескі баспана бұзылып, орнына Сарыарқа мөлтек ауданына тиесілі көпқабаттылардың құрылысы басталады. 

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.