• Басты бет
  • Қоғам
  • Естай көшесіндегі жылу магистралінің құрылыс жұмыстары созылуда

Естай көшесіндегі жылу магистралінің құрылыс жұмыстары созылуда

Павлодар тұрғындар тағы қайнақ суды күтуге мәжбүр. Энергетикалық компанияда жұмыстардың қосымша көлемі пайда болғаны туралы хабарлады.

Естай көшесінің тұрғындары екі айдан аса қайнақсыз отыр. Оған қоса, қазба жұмыстарына байланысты көлікпен аулаға кіру және қоғамдық көлікпен жүру қиынға соғады. Магистраль құрылысы өткен жылы басталған. Жылу құбырының диаметрін үлкейтуде. Осылайша, қыста аталмыш аудандағы жылыту кемдігі мәселесін шешпекші.

 Естеріңізге салсақ, аталмыш желіге 29 көпқабатты қосылған. Мамыр айындағы тексерістің қорытындысы бойынша магистральдің 700 метрі жаңартылғаны белгілі болды. Қазір жұмыстардың қосымша көлемі пайда болды.

-Екі ай бойы күтіп жүрміз, шыдам таусылды. Уәде берген соң, уақытында орындау қажет,-деп бір тұрғындар шағымданса, екіншілері өзге пікір білдірді.

-Жылумагистарлін қолға алғандары дұрыс болды. Қыстыгүні тұрғындарға қиын. Құбыр бұзылып, жылусыз қалады. Бастысы жоспарға сай, уақытында жасаса болғаны.

 - Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезінде мердігерлік ұйым қосымша жұмыстардың көлемі анықтады. Сол себепті Естай көшесіндегі көпқабаттыларға қайнақ су берудің мерзімі шегерілді. «Павлодар жылу желілері» өз кезегінде ыстық суды жұмыстар аяқталғаннан кейін беруге дайын,-дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 Құрылыс аяқталғаннан кейін Естай көшесін абаттандыру басталады. Биыл мұнда жол жабынын жаңарту жоспарланған.