Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы қайырымдылық шараларын қолға алды

Қоғам

45
Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының жас қызметкерлері Ақсу және Екібастұздағы әлеуметтік осал топтағы отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер мен өндіріс ардагерлеріне азық-түлік себеттерін таратты. Осылайша, жергілікті кәсіпорын жұмыскерлері, «ERG» компаниясы Еуразиялық Топ кәсіпорындары қолдау көрсетіп жатқан «Ел тірегі – Елбасы» акциясына өз үлестерін қосты.

Көліктің іші азық-түлік себеттеріне толы. Әрбіреуінің салмағы 50 келі. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының жастар кеңесі оларды Ақсу қаласындағы көмекке мұқтаж отбасылар мен зейнеткерлерге таратты. Қатарында Алексей және Анастасия Шошиндер бар. Олар 1975 жылы Ақсуға көшіп келіп, бар ғұмырын шаһардағы өндірісті көтеруге арнаған. Отағасы 91-де, ал жұбайы 84 жаста. Жанұя құрғандарына биыл 65 жыл толады.

 

 

- Біз сияқты қарияларды ұмытпайтындығы қуантады. Шыны керек, жүрегім дүрсілдеп, бір марқайып қалдым. Еңбегімізді елеп жатыр, - деді Алексей және Анастасия Шошиндер.

 

Себеттің ішінде ең қажетті деген өнімдер: ұн, күріш, қарақұмық, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит. Әлеуметтік көмек тізімдері жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып жасалған. «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қайырымдылық қорлары, танымал бизнесмендер іліп әкетіп,  Еуразиялық Топтың өндірістік кәсіпорындары да игі бастаманы қолдауды жөн көрді.

 

- Азық-түлік себеттері тек кәсіпорын ардагерлеріне ғана емес. Өзге зейнеткерлерге, мүгедектерге, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен жалғыз қалған қарияларға беріледі, - деді«ЕЭК» АҚ әлеуметтік жұмыс бойынша үйлестіруші, жастар кеңесінің мүшесі Наталья Матаева.

 

Еріктілер мен жастар кеңесінің белсенділері азық-түлік себетін Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының ардагері 81 жасар Күләш Әділжановаға да жеткізді. Әрине, барлық қауіпсіздік талаптарын мұқият сақтау - ерекше назарда.

 

- Алпыс сегізінші жылдан бастап 2000-ы жылға дейін Ақсу станциясында істедім. Инженер болдым. Отдел оборудования дейді сол кезде. Тосынсый болды. Біздің ұжымға, әрбір квартал сайын зейнеткерлерін ұмытпайды. Азық-түлігін беріп жатады, - Күләш Әділжанова.

 

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел тірегі – Елбасы» атты науқаны аясында, Екібастұз қаласында да азық-түлік себептерін таратты. Бұл ретте, өнідіріске 45 жыл өмірін арнаған Канна Заваловаға да әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

 

- Ешқандай мейрамда біз сияқты зейнеткерлерді ұмытпайды. Азық-түлік әкеліп, қолдау көрсетіп отырады. Көмек сұрасаң көмектеседі. Разрез өз үйім деп айтуға болады, - деді Канна Завалова.

 

- Бұл науқан  Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде: Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізбек, - деді «ЕЭК» АҚ корпоративтік байланыс бойынша маманы Елена Гордеева.

 

 

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы үшін жаңашылдық емес. Сол себепті  Еуразиялық Топтың өзге де кәсіпорындарымен бірлесе отыра «Ел тірегі – Елбасы» акциясын жыл соңына дейін бірнеше мәрте өткізуді жоспарлап отыр. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()