Европалық стандарттағы тазалық. Павлодар әкімі 3 түрлі қалдыққа арналған контейнерлер орнатуды қолға алмақ
Қала тазалығы - басты назарда. Бұл тарапта алдағы жылдары Павлодарда европалық стандарттағы қоқыс жәшіктері пайда болмақ. Асайын Байхановтың айтуынша, оларға тұрмыстық қалдықтарды атауына қарай жеке-жеке тастауға тура келеді. Әзірге 3 түрі ғана қарастырылған. Сондай-ақ биыл қала көшелерінде облыс орталығының барлық кәсіпкерлерімен бірлесе, 23 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Қазіргі таңда 400-і егілді. Басымдылық қазан айына түседі.
– Қазіргі таңда әрбір ағаш түгенделді. Қазан айының соңында қала бойынша жасыл желектердің электрондық картасы дайын болады. Бұл өсіп жатқан ағаштарды санап, болашақта жағдайын бақылауға мүмкіндік береді, - деді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.
Авторы: Арнагүл Исабекова