Ең үздік аула

-Кезінде осыдан 10-15 жыл бұрын «Үздік аула» атағын алғанбыз. Содан кейін конкурстар болмай қойды. «Үлгілі үйге»  дебарғанбыз. Содан ауламыз мінеки гүлге толып тұр. Халық риза. Соған мен ризамын. Ешкім тиіспейді, - дейді Майра көшесіндегі №33-үйдің тұрғыны Қайнылқаят Идрисова.

 

Көпқабатты үй қолданысқа 91 жылы берілген. Жергілікті тұрғындар ел тәуелсіздігімен құрдаспыз дейді. 20-жылдық мерейтойды бір үй болып тойлағандарын еске алады. Биыл індетке байланысты 30 жылдықты атау мүмкін болмайды. Үлгілі үйдің белсенді азаматтары аулаға жаңа  асфальтталған тұрақ құрылысына септігін тигізген екен. Бүгінде олар павлодарлықтарды өздерін мысал ретінде келтіріп, тазалыққа шақырады.