ИнЕУ «Күміс университет» бағдарламасы аясында зейнеткерлерді оқытуға гранттар бөлді
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егде жастағы адамдар цифрлық сауаттылықты жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік алған еді. Компьютер немесе смартфон дағдыларын түсіну қайтадан басталды. Сәйкесінше жаңа топ жиналды. Павлодарлық әуесқой бағбандар учаскені ландшафтық ұйымдастыру, өсімдіктердің ерте сорттарын отырғызу технологиясы, ағаш және бұта дақылдары, саңырауқұлақ аурулары, зиянкестермен күрес және тамшылатып суару сияқты тақырыптар бойынша білім алады.
-Бізді қызықтыратын барлық сұрақтар осы жерде айтылады, бір жарым ай ішінде толық білім аламыз, оны қолға алған оқытушыларға алғысымыз шексіз, бізге осындай мүмкіндік бергендеріңізге рахмет,- дейді Гүлжанат Табулдина.
-
Мені ландшафт дизайны мен тамшылатып суару қызықтырады. Мұнда адамдар өте көп. Көп нәрсені үйреніп, бір-бірімізге бөлісеміз,- дейді Елена Троян.
Сабақтар оффлайн режимінде, қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталады. Айта кетейік, Инновациялық Еуразия университетінде бір күнде екі курс ашылды. Цифрлық сауаттылық бойынша екінші модуль басталды. Жоғары оқу орны бөлген гранттар есебінен зейнеткерлер үшін оқу тегін.
-Бұл «Күміс университеттің» өзекті бағыты. Біздің университет бұл бағдарламаны 2021 жылдың қыркүйегінде бастаған аймақтағы алғашқы жоғарғы оқу орны болып саналады. Бұл екінші ауқымды жоба. Бізде әлі 5-6 бағдарлама бар, ол арқылы университет қызметкерлері зейнет жасындағы адамдарға көмек береді және қоғамға пайдалы болу үшін барлық тәжірибелерімен бөліседі,- дейді ИнЕУ ректоры Анастасия Алиясова.
Жоғарғы оқу орнында “Күміс университет” жобасына ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жақын арада жаңа курсқа қабылдау жарияланады. ИнЕУ-дің ресми сайтында және Instagram-дағы @ineuofpage парақшасындағы хабарландыруларды қалт жібермеңіз.
Авторы: Азамат Айтхалин