Инна Клыгач - «ЕЭК» АҚ он жылдан астам уақыт бойы істейді
Инна Клыгач он жылдан астам уақыт бойы Еуроазиаттық энергетикалық компанияның үлкен, әрі тату ұжымының қатарында. Ол өндірісте генераторшы қызметін атқарады. Қиындықпен жиі кездеседі. Алайда біздің сюжетіміздің кейіпкері ештеңеден аянбайды, керісінше ол өзіне қуат алады. Себебі әріптестерінің жұмысы соған байланысты.
- Біз кесушілерге ацетилен, карбид береміз. Олар реторттарға теліп, кейін оған су құйылады. Мұнда да қиындықтар болады. Дегенмен де біз мойымаймыз. Бізде слесарьлер бар, егер бірдеңе істен шықса, олар жөндеп береді,- деді Инна КЛЫГАЧ «ЕЭК» АҚ генераторшысы.
Жұмыстың қиындығына қарамастан Инна Клыгачтың командасы еңбекқор әйелдерден тұрады. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясында олардың және басқа да жұмыскерлердің еңбегін ерекше бағалайды.
Инна Клыгач ЕЭК АҚ адал жұмыскері ғана емес, кәсіпорынның қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Ол өзінің отбасы мүшелерімен станцияның 50 жылдығы құрметіне энергетиктер аллеясын құруға қатысқан.

