• Басты бет
  • Қоғам
  • Инновациялық Еуразия университетінің студенттері ұстаздарымен бірге 3 күннің ішінде протез дайындады

Инновациялық Еуразия университетінің студенттері ұстаздарымен бірге 3 күннің ішінде протез дайындады

Александр бала кезінде пойыз астына түсіп аяғынан айырылған. Бірақ бұл жағдай оған тек күш берген сыңайлы. Ол жүзумен айналысады, велосипедте жүріп, садақ атады. Инновациялық Еуразия университетінде арнайы сыйлық дайындады. Студенттер оған жаңа протез тарту етті.

- Заманауи протездер болаттан жасалады. Ал біз пластик пен алюминийден дайындадық. Бұл протездің салмағын айтарлықтай азайтып, беріктігін жоғарылатты. Қазір 70 пайызға дайын. Барлық басты бөлшектері жиналды. Аз ғана жұмыс қалды, - дейді инженер, «ИнЕУ» студенті Владимир Голубин.

Студенттер бұл протезды 3 күннің ішінде жинап шығарған. Өнімнің артықшылығы өте көп. Бүгінде жұмыстарын аяқтап жатыр. Ал Александрдың өзі болса ИнЕЕ студенттерінің өнерін жоғары бағалады.

- Протезді киіп көрген сәттен бастап мен оны өзімнің протезімнен жақсы екенін бірден түсіндім. Ең бастысы ол қазіргіден екі есе жеңіл. Өзімінің протезімде ремендер былғарыдан жасалған. Уақыт өте келе олар қатайып, ыңғайсыздықтар туғызады, - деді Александр Финк.

- Қазақстанда 50 мыңға жуық адам аяқ-қол протездеріне мұқтаж. Жыл сайын оның 15 мыңына беріледі, ал қалған 70 пайызы өз кезектерін күтуге мәжбүр. Осыған қарап біз мұндай шешімге келіп, бұл адамдарға көмектесуді шештік, - дейді «ИнЕУ» профессоры Сергей Беспалый.

Александр Финк бұл протездің арқасында жаңа белестерді бағындыруды жоспарлап отыр. Бүгінде ол альпенизммен айналысып, биік шыңдарға шығуды армандайды. Және бұл мақсатына ИнЕУ студенттерінің арқасында бір қадам жақын.

 

Автор: Аида Адрахова.