Ирбис арнасы жариялаған «Мен сүйетін аспап» челленджі өз мәресін жетті
Ал жіберілген бейнелер лүпіл арқылы емес, орындау шеберлігіне орай іріктелінді.
- Күйді немесе басқа да музыкалық аспаптарды орындап жатады ғой, ойнау шеберлігіне көп қарадық. Орындаушылардың көбісі ерінбей барып қазақи киімдерімен түсіп жатты. Жалпы лайктың санына қараған жоқпыз көбінесе сол өнерлеріне қарадық, - деп мәлімдеді «Ирбис - ТВ» телекомпаниясының SMM маманы Көлтай Мақсат.
Айта кетейін, челлендж жарияланғаннан бастап 50-ден асам бейне келіп түскен. Іріктеуден өткен 10 бейнені алдағы уақытта теледидардан, сонымен қатар, әлеуметтік желілерден тамашалай аласыздар.
Авторы: Бекбол Мырзахан