Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Көп балалы аналарға мереке құрметіне 7000 теңге беріледі

Қоғам

17
Бұған қалалық бюджеттен 1 миллион 800 мың теңгеден астам қаражат бөлінді.

Мереке қарсаңында қала бойынша 264 көп балалы анаға бір жолғы қаржылай қолдау көрсетіледі. Бастысы олар міндетті түрде атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде тіркеуде тұруы қажет. Төлем сомасы 7001 теңгені құрайды

- Егер олар атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде тіркеуде тұрса оларға автоматты түрде біз аз қамтамасыз етілген отбасылардың тізімін шығарып оларға 7001 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек төлейтін боламыз, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнұр Мукашбекова.

Бір жолғы әлеуметтік төлемге қалалық бюджеттен 1 миллион 800 мың теңгеден астам қаражат бөлінді. Ақша наурыздың 8-не дейін алушылардың есепшотына аударылады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()