• Басты бет
  • Қоғам
  • Көпке шыдамады: Павлодарлықтар жаңа футбол алаңдарының қоршау сапасын сынға алды

Көпке шыдамады: Павлодарлықтар жаңа футбол алаңдарының қоршау сапасын сынға алды

 

Назарбаев 291-ші үйдің ауласында су жаңа футбол алаңының заманауи 3D қоршаулары сынып жатыр, әрі өткен жылдан бері оны ешкім жөндеуге асығар емес. Бұл туралы тұрғындар шағымданып, хабарласты дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Дачный мөлтек ауданында спорт нысандары саусақпен санарлық. Сондықтан жергілікті осы футбол алаңын күткен еді. Өткен жылы іске қосылған еді. Алайда қуаныштары көпке ұзамады. Замануи конструкция жағдай осындай. Тұрғындар бұл туралы қалалық шенеуніктерге бірнеше мәрте айтқан еді. Бірақ ешқандай жөндеу басталатын емес.

 

- Спорт бөліміне жүгіндік олар, коммуналшыларға жіберді. Коммуналшыларға шықсақ, олар спорт бөлімі жауапты дейді. Бір-біріне сілтейді. Енді бұл алаңға жауапты мердігер қазір жоқ көрінеді. Осылайша, бұл спорт алаңының сапалы орындауын тұрғындарда, ешкім де тексерген емес. Мәселені қолға алуды сұраймыз. Балалар үшін керек қой,-деді Назарбаев даңғылындағы №291-үйдің тұрғыны Эльдар Адақ.

 

Футбол алаңдарының тағжайып қоршауларының бір маусымға да шыдас бермегені жүйелі мәселе сыңайлы. Бұндай сынық конструкциялар Павлодардың бірнеше ауласында бар. Солардың бірі, Мәшһүр Жүсіп, 286 мекенжайында. Ал қалалық әкімдікте бұл мәселеге қатысты жауапты ведомствоның жауабын ұсынуға бас тартты. Спорт бөлімінде бұндай сынық алаңдарды қалпына келтіру кестеге сай жүргізіліп жатыр екенін жеткізді.