Көші-қон заңын бұзған алты шетелдікті Павлодардан шығарды
Павлодар полицейлері көрші елден келіп, Қазақстанда құжатсыз жүрген алты азаматты ұстаған. Сот оларды елден шығару туралы шешім шығарды деп хабарлайды irbistv.kz.
Павлодарда полиция қызметкерлері көші-қоң заңын бұзған 6 шетелдікті анықтаған. Олар ел аумағында қажетті құжаттарсыз, заңсыз жүрген.
- Сот шешімімен оларды Қазақстан Республикасынан шығару туралы әкімшілік жаза қолданылды. Және оларға келуге шектеу қойылады. Полицейлер аталмыш азаматтарды еліне жіберу үшін Астана қаласының әуежайына дейін шығарып салды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметі бойынша жыл басынан бері осыған ұқсас заң бұзушылық үшін 124 шетел азаматы аймағымыздан шығарылған.
