• Басты бет
  • Қоғам
  • Карантинде отырғанда QR арқылы статусты тексеруге болмайды

Карантинде отырғанда QR арқылы статусты тексеруге болмайды

Павлодар облысы қызыл аймақта. Індет жұқтырғандар саны өршіп тұр. Бұл ретте бас санитарлық дәрігер алдағы оқу жылының басталуы туралы айтты. Дәстүрлі тәртіпте өтетін сабақтарға кіру үшін барлық санитарлық таалаптар мейлінше қатаң сақталуы шарт.

- Кіре берісте қызуды өлшеп, жалпы денсаулық жағдайын тексереді. Мектептерде де «Ashyq» бағдарламасы болады. Ата-аналар мен мұғалімдер QR-код  арқылы ішке кіре алады. Бетперде тағу міндетті. Бір сынып бір кабинет жүйесі болады, - дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

Егер оқушыдан коронавирус анықталып жатса, сынып толығымен қашықтықтан оқуға көшеді. Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер үйде отырып өз статусын тексеретіндер туралы да айтты.

- Егер сізде ПТР арқылы індет анықталып, қызыл статусыңыз болса 14 күн карантинде отыру керексіз, ал үйден шықпай статусыңызды тексерудің қажеті жоқ. Жүйе оны үйден шықты, нысанда болды деп көрсетеді.  Нәтижесінде сізге  айыппұл салынады. Сол себепті олай жасамауға кеңес беремін, - дейді Батырбек Әлиев.

Айта кетсек, Павлодар облысында соңғы тәулікте 320 адамнан КВИ анықталды. Көрсеткіш төмендемей тұр.