Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Картоп бағасы неге шарықтап тұр?

Қоғам

51
Қазіргі таңда аймағымызда картоптың бағасы 98 теңгеден басталады. Мамандардың айтуынша оның қоры - 3 айға жетеді.

Тұрақтандыру қорында әлеуметтік дүкендерге босатылатын 900 тоннаға жуық картоп бар деп мәлімдеді мекеме өкілдері. Ол келісіне 98 теңгеден сатылуда. Ал тауар өндірушілерден босатылатын картоптың басқа түрінің бағасы - 190 теңгеден басталады. Павлодарлықтардың айтуынша аймағымызда өсірілетін көкөніс түрі үшін бұл - қымбат.

 

Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша әзірге өңірімізде картоп қоры жеткілікті. Ал мамырдың ортасынан бастап оны Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен жеткізу жоспарланған. Шілде айының екінші жартысынан өзіміздің ерте сұрыптағы өнімді сатуды көздеп отыр.

 

- Бүгінде облыста 18 мың тонна картоп бар. Егер ұлттық тұтыну нормасымен алатын болсақ бұл бізге 3 айға жетеді. Біздің картоп үлкен сұранысқа ие екенін атап өту қажет. Ол республиканың барлық қалаларына жіберіледі және экспортталады. Сондықтан өзіміздің картоп сәуір және мамыр айының 20-на дейін жетеді деген жоспар бар, - дедіПавлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Төлеген Көшербаев.

 

Ең арзан картопты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатып алуға болады. Ол меморандумға сәйкес тауар өндірушілерден 80 теңгеден босатылады. Алайда мемлекеттік мекеме өкілдері оның сапасына жауап бермейді. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()