• Басты бет
  • Қоғам
  • Картоп пен сәбіз 95 теңгеден. Бірақ көктемде бұл баға сақталады ма?

Картоп пен сәбіз 95 теңгеден. Бірақ көктемде бұл баға сақталады ма?

Биыл Павлодар облысында жиналған астық көлемі бойынша рекорд қойылды. Өңірімізде 30 жылдың ішінде алғаш рет 1 миллион тоннадан астам дәнді-дақыл жиналды. Оған қоса жергілікті фермерлер 619 мың тонна картоп алған. Бүгінде бұл көлемнің 159 мың тоннаға жуығы аймағымызда сақтаулы. Осы орайда жауапты мекеме бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен меморандум жасалды.

- Павлодар облысының тұрғындары үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен картоп және сәбіздің бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында меморандум жасалды. Оның аясында картоптың келісі 95 теңгеден сатылатын болады. Жергілікті фермерлер картоп және сәбізбен келесі жылдың мамыр айына дейін қамтамасыз етеді, - Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев.

Ал кейін бағалдардың шарықтап кетпеуі екі талай. Келесі жылдың мамыр айынан бастап картоп пен сәбіз тұрақтандыру қорынан және басқа аймақтардан жеткізіліп сатылатын болады.

 Авторы: Аида Адрахова