• Басты бет
  • Қоғам
  • Кейбір Павлодарда жұмыс істейтіндер қалааралық автоубстардың жүрмеуінен тығырыққа тірелген

Кейбір Павлодарда жұмыс істейтіндер қалааралық автоубстардың жүрмеуінен тығырыққа тірелген

Чернорецк-Павлодар бағыты бойынша қатынайтын автобус қаңтардың 25-нен, яғни аймағымыздың бас санитарының қаулысы шыққан сәттен жүруін тоқтатты. Қоғамдық көлік облыс бойынша тек Павлодар-Ақсу аралығында жүре алады. Осы ретте, Жаңа қала ауылының тұрғындары шағымдануда. Адамдар облыс орталығына қалай барамыз деген сұрақтарын қоюда.  

 

- Менің күйеуім зауытта жұмыс істейді. Сол себепті соңғы күндері 2 сағатқа ерте тұрып, трассаға шығуға мәжбүр. Бір бағытта кетіп бара жатқан көліктер тоқтайды деген сеніммен. Жергілікті тұрғындардың көбісі қалаға барады. Олар отбасыны қалай асырайды. Автобустарды қайтару керек, - деді Жаңа қала ауылының тұрғыны Анастасия Бузина.  

 

- Мен көпбалалы анамын. Күйеуім қалада жұмыс істейді. Күнделікті қоғамдық көлікпен жұмысқа барып жүрген. Бүгінде ол жүрмей қойды. Оған қалада қалуға тура келді. Өз басым 4 баламен отыруға шамам әзер жетеді. Автобус жүрмейді деп, күйеуім 25-інен бастап қалаға кеткен. Тек демалыс күндері келіп отыруға мәжбүр, - деді Жаңа қала ауылының тұрғыны Елена Арит.   

 

Қалаға жету үшін адамдар такси немесе бір бағыттас көліктерді тоқтатады. Оған кем дегенде 600 теңге төлейді. Ал автобустың құны ересек адам үшін 300, ал балаларға 150 теңгеден.

 

- Мен әкімдіктің көмегіне жүгіндім. Барлық санитарлық талаптарды сақтасақ неге жүруге болмайды. Ақсуға дейін барады ғой. Қаланың ішінде қоғамдық көлік жүреді. Менің автобусым олардан кем емес. Әрдайым барлық талаптарды орындаймын, - дейді тасымалдаушы Серік Шуақбаев.

 

- Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Алиевтың қаулысы бойынша барлық облыс аралық, облыс іші және аудан аралық шағын және ірі автобустардың жұмысына тыйым салынды. Сәйкесінше, біз аудан ішінде барлық жолаушылар тасымалын тоқтаттық, - деді Павлодар ауданы шынайы экономика секторы бөлімінің басшысы Серік Бөлемісов.  

 

Бұл уақытта, санитарлық дәрігерлер телефон арқылы, аймақ ішінде қоғамдық көліктің жүрісін тоқтату облыс әкімдігінің бастамасы болғаны туралы айтты. Мамандардың айтуынша, бүгінде аталмыш мәселе қарастырылуда. Бірақ нақты шешімдері қашан шығатыны әзірге белгісіз.