Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Кейде материалдық шығынның төленуін 10-15 жыл күтуге тура келеді

Қоғам

17
Бүгін Павлодар қалалық сотында бұл деректі растады. Естеріңізге сала кетейін, алаяқтардан пәтер сатып алған павлодарлық әйелдің ісі бойынша үкім шыққан болатын. Алаяқтардың бірін темір торға қамаса, екеуіне шартты жаза берді. Әйел тек куәгер ретінде танылып, нәтижесінде қашан баспанадан қуып шығады деп күтіп отыр. Бүгін қылмыстық сотта әйел азаматтық тәртіпте материалдық шығын алуға қуыным бере алады деді. Алайда Мақпал Мейрамова әрі қарай сот табалдырығын тоздыруға күшім қалмады деген болатын. Қалалық сотта ол туралы жауап берді.

«Белгілі бір мерзімі жоқ, өкінішке орай, біз мойындау керекпіз, ҚР аумағында сот актілерінің орындалуы ұзаққа созылған деректер кездеседі. Бізге бұған дейін өндіріп алушылар сот орындаушыларының әрекетсіздігіне бірнеше рет шағымданды.  Кейде ол 10-15 жылға созылады», - деп мәлімдеді  Павлодар қалалық сотының судьясы Айгүл Хамитова.

 

 

Азаматтық сотта бәрібір де қуыныммен сотқа жүгінуге кеңес берді. Әр оқиға жеке қарастыруға жатады, әр кезде ақшаны өндіріп алу мүмкіндігі бар. Егер үкім шығарылған адам шығынды өтемесе бұл оның мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына әсер етеді.

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()