Кемеңгер ауылындағы көпбалалы ана: «Мен 5 баламен осы үйде тұрамын, суық»
Мереке Сәрсембаева күйеуімен бірге 5 бала тәрбиелеп отыр. Ең үлкені сегізде болса, кішісіне бір ай. Отбасын құрғалы баспанасыз. Көпбалалы ретінде баспана кезегіне тұрған. Алайда оның жуық арада берілетінінен үміт жоқ.
- 5 баланың анасымын. Күйеуім қалада жұмыс істейді. 36 мың теңге жалақысы. Үйге Кемеңгерге кезекке тұрғанбыз. 27-ші болып тұрмын. Әкімдікке барғам. Бес баламен осы үйде тұрамын, суық. Маған айтты ана 4 үй салынып жатыр. Сізге содан беріледі деп многдетныйға осы сентьябрде беріледі деп, - деді көпбалалы ана Мереке Сәрсембаева.
Қазір мына кішкентай бөлмесі бар үйді оң мың теңгеге жалдап тұрады. Алайда қожайыны баспананы босатуды талап етіпті. Енді көпбалалы отбасы далада қалудың аз-ақ алдында тұрмыз дейді. Жас ана әкімдік тым құрыса уақытша баспана тауып беруді сұрайды. Ал ауылдық әкімдікке бұл отбасыға басқа пана қарастырып, отынмен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін жеткізді. Алайда баспана тек кезекке сай берілетінін атап өтті.
«Енді қазіргі таңда тұрып жатыр бір үй снимайттеп. Кеше өзі келіп кетті маған. Мен айттым басқа үй болса көрейік деп. Бір екі үй бар бірақ қымбаттау дейді. Қымбат болсада көру керек. Бір екі тонна көмірін мен берейін отынын мен берейін дедім. ++ Біз заңңнан секіріп, асып кете алмаймыз. Ол очередте тұр 27-ші. 26-шы алғаннан кейін бұл кісі де алады өз баспанасын», - дейді Кемеңгер ауылдық округінің әкімі Асылбек Вакпаев.
Биыл Кемеңгер ауылында 4 пәтерлі екі үй салынған. Ол әлеуметтік аз қамтамсыз етілген отбасыларға таратылған. Тағы төрт пәтердің құрылысы келесі жылға жоспарланған. Жалпы Кемеңгер ауылында онға жуық жағдайы төмен отбасы бар.