Кенжекөлде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі жарақат алған
Оқиға елді мекеннің жеке тұрғын үй аумағына орын алып, осы күні қылмыстық іс қозғалған дейді irbistv.kz тілшісі
Павлодар облысы білім беру басқармасы соңғы кезде өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал фактілері жиілеп кеткен. Кезекті қақтығыс Кенжекөл ауылындағы жасөспірімдер арасында орын алған.
-21 қыркүйекте Кенжекөл ауылының ЖТҚ аумағында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан біреуі дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Заңды өкілдермен және балалармен профилактикалық кеңес жүргізілді,-деп мәлім етті облыстық білім беру басқармасында.
Ведомствода ата-аналар қауымын балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытын қамтуды ұйымдастыруға, олардың кіммен араласап, достары мен қоршаған ортасына ерекше назар аударуға шақырды.
Фото: Freepik.com