Кенжекөлдегі бірнеше үй қыста жылусыз қалуы мүмкін

Депутаттар тұйық көшесінде 6 екі қабатты жеке үй бар. Адамдар баспана сатып аларда мұнда орталық жылу жүйесі болған. Қазандыққа бұл үйлерден бөлек Кенжекөлдегі жалғыз көпқабатты да қосулы. Алайда, оның қожайыны қазандықты күтуден бас тартты. Мұны ауыл тұрғындары жуырда білген.

 

- Бізге өздерін ұзақ жанатын қазандық орнатыңдар деді. Қазір ол қымбат. Екіншіден баспанада арнайы орын дайындау керек. Бұл ақша. Техникалық жоспарға өзгерістер енгізу қажет. Бұл үйлерді сатып алғанда біз әкімдікпен сөйлескен болатынбыз. Онда бізді жаңа қазандыққа қосады деген уәде берді. Енді жоспарлары өзгеріп, басқаша сөйлеп жатыр» - деп шағымдануда тұрғындар.

 

Адамдардың айтуынша, олар жылу үшін ай сайын 45-мың теңгеге дейін төлеп отырған. Үйге пеш орнату одан да қымбат шығады. Шенеуніктер қыс мезгіліндегі қазандық уақытша орнатылғаны туралы айтты. Өткен жылы оған қызмет көрсетуші «Горкомхоз модернизация жилья» және жеке кәсіпкер арасында меморандум жасалған.

 

- Тұрғындарға аталмыш мәселені шешудің екі жолы ұсынылды. Біріншісі, әрбір баспана өзі қатты отынды жағатын пеш орнатуы тиіс. Екіншісі, ол «Арман-Тур» ЖШС тұрғындарға тегін түрде қазандықпен қолдану мүмкіндігін ұсынады. Ауыл әкімдігі 2 қазандық жұмыс істеп тұрғаны туралы айтты. Сол себепті тұрғындарға меншік иелерінің серіктестігін құру қажет. Олар қазандықтың күтіміне өздері жауапты болады. Немесе қызмет көрсетуші ұйымды жалдай алады, - деп түсіндірді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Айта кетсек, ағымдағы жылы ауылда жаңа модульді қазандықтың құрылысы аяқталады. Бірақ ол тек қана әлеуметтік нысандар мен 5 қабатты үйді жылытатын болады.

 

Айтмұхамбет Айғожа