Кеңес Одағының Батыры Серқазы Бекбосынов – кім?

Ленинград облысындағы Лодейное поле қаласында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген құрмет ерекше. Тіпті мектептегі әрбір сыныпқа Кеңес Одағы батырының аты берілген. Екатерина Матвеевна оқу ордасының мұражай жәдігерлерімен таныстырып, ол сарбаздардың ерлігін көргенде небәрі 12 жаста болғанын айтты.

 

- Анамның қолдары мен аяқтары дірілдейді, етігінің барлығын қан басқан. Сөйтіп жолға шықтым. Мен ақырындап, маған бір үзім нан бересіз бе дедім, ол бірден бөлкесін жартылай үзе бастады, - деді Лодейное поле қаласының тұрғыны Екатерина Тарасова.

 

Бұл мектеп оқушыларының Ұлы Отан соғысы тарихы жайлы білімі кез келген гидтен кем емес. Светлана Дмитриевнаға лайықты жаңа буын өсіп келеді. Күн сайын жергілікті мұражай қорының сақтаушысы 10-нан 30-ға дейін туристерді қабылдап, соғыс ардагерлері бастан кешкен оқиғалары жайлы әңгімелейді. Бұл жерде қазақстандық жауынгерлерге арналған стенд ерекше орында.

 

- Траншеяда 12 қызыл әскер болған, сол кезде біреуі траншеяның бұрышында отырып, бірнәрсе деп сөйлеп отыр, Серқазыға назар аудардық. Серқазы сін бірдеңе деп айтып отырсыз ба дедік. Ол болса, жоқ, мен өмірмен қоштасып отырмын деді. Сүйтсек, ол жүзе алмайды екен және Свирь өзенінен өту үшін өмірін қию керек екендігін жеткізді, - деді қорды сақтаушы Светлана Дмитриева.

 

Семей облысы Абай ауданы Қызыл-Орда ауылының тумасы Серқазы Бекбосынов 1944 жылдың маусым айында өзін салға байлап, жауынгерлік жолдастары оған құтқару желеткелерін берген екен. Дәл осылай, қатты оттың астында ол өзеннің оң жағалауына өтеді. Гвардияшылардың жауынгерлік міндеті сәтті орындалып, негізгі соққыны қабылдаған батыл азаматтар бұл өлкенің аңыздарына айналды.