Командасы үшін несие алған бапкер елді шулатты

Тіпті, ел намысын қорғап жатқан құрама жетекшісіне қаражат жинауды қолға ала бастады. Сынға ұшыраған, өңірлік спорт шенеуніктері мәселеге түсініктеме берді.

Аталмыш жағдай туралы естіген бұқара Павлодар облысының спорт бысшылығын сынға алған еді. Бұл ретте, шенеуніктердің айтуынша, шетелдік жарыс жоспарда болмаған, сондықтан қаржылық демеу көрсету мүмкін емес.

 

-Біздің баскетбол командасы қатысып жатқан жарыс күнтізбеде бекітілген сайыстарға кірмейді. Сондықтан бұл додаға қаражат қарастырылған емес. Егер жергілікті бюджет есебінен сапарға жіберсек, мақсатқа сай пайдаланбау болар еді, - Павлодар облысы спорт және туризмді дамыту басқармасының басшысы Даур ЕРҒАБҰЛОВ.

 

Қазір жігіттер Эстонияның керемет ареналарында, әлемнің үздіктерімен бақ сынасуда. Ал өз командасын шетелге апару үшін несие алған бапкер жайлы естіген жұрт Жұлдыз Байдүйсеноваға ақша аудара бастады. Бірақ жаттықтырушы жанашырлардың қолдауына алғыс білдіре отыра, қаражатты қайтарып, қарызын өзі өтейтіндігін жеткізді.