• Басты бет
  • Қоғам
  • Коммуналдық апат салдарынан Павлодардағы қоғамдық көлік бағыттары өзгерді

Коммуналдық апат салдарынан Павлодардағы қоғамдық көлік бағыттары өзгерді

Жуырда Бектұров көшесінде көлікпен жүруге болмайды деген белгілер пайда болды. Су жүйесінің құбырында ақау анықталып, нәтижесінде Торайғыровтан Едіге би аралығында қазба жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгеріске ұшырады. Екі шағын кластағы автобус басқа көшелер арқылы қатынайды. Қала әкімдігінде олардың жаңа бағдары туралы айтты.

- Яғни, 003 бағытында жүретін маршрут оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Бектұров көшесінен солға Лермонтов көшесіне бұрылады. Одан кейін оңға Генерал Дүйсенов көшесіне бұрылып, Торайғыров көшесіне жүреді. Одан әрі тиісті бекітілген маршрут бойынша. Нөмір 152-ші бағыттағы маршрут Лермонтов көшесінің бойымен батыстан шығысқа қозғалыс кезінде, Генерал Дүйсенов көшесіне оңға бұрылып, Торайғыров көшесіне дейін жүреді. Одан әрі тиісті маршрут бойынша, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Бүгін ақау жойылды. Коммуналшылар шұңқырды уақытша құммен жапқан. Күн жылынғанда асфальтты қалпына келтіре бастайды. Қала бойынша мұндай 80 телім бар екен.