• Басты бет
  • Қоғам
  • Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелейтін Ленин кентінің тұрғыны Баршагүл Досжанова біздің редакциямызға хабарласып,мемлекет тарапынан бөлінген 15 000 теңге әлеуметтік төлемақыға 3 ай бойы қол же

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелейтін Ленин кентінің тұрғыны Баршагүл Досжанова біздің редакциямызға хабарласып,мемлекет тарапынан бөлінген 15 000 теңге әлеуметтік төлемақыға 3 ай бойы қол же

 

Әйел ерекше ұл тәрбиелеп отыр. Жанұясы әлеуметтік осал топқа жататындықтан карантин кезінде коммуналдық қызмет шығындарын мемлекет тарапынан өтеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда соңғы 3 ай бойы төлемақыға қол жеткізе алмай келеді. Абоненттік есепшотқа жіберілу керек болған 15 000 теңге әлі түспеген.

«Шілде айында түседі деді, күттім, бірақ түскен жоқ. Енді міне түбіртек келді, онда ешқандай төлем жасалмаған екен. Сол себепті алпауыт хабарласып, тамыз айында электр қуатын сөндіріп тастайтындығын жеткізді. Осы төлемді күтіп отырғаныма 3 ай болды. Тізімде барымды айтты, енді көмек сұрап қайда жүгінерімді білмеймін», - дейді Баршагүл Досжанова.

Бұл мәселеге қатысты қаламыздың тұрғын үй инспекциясында Баршагүл сияқты төлемақыға қол жеткізбегендердің саны 200 адамға жуық екендігін жеткізді. Айтуларынша, аталмыш шараларға тамыз айының соңына дейін республикалық бюджеттен 3 миллион теңге көлемінде қаражат бөліну керек.