• Басты бет
  • Қоғам
  • Коммуналдық қызметтер 15 сәуірге дейін қала көшелеріндегі құдықтарды қалпына келтіруі тиіс

Коммуналдық қызметтер 15 сәуірге дейін қала көшелеріндегі құдықтарды қалпына келтіруі тиіс

Бүгінде олар көліктердің жүру қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Көлік иелері жол деңгейінен жоғары немесе опырылған құдықтардың қақпағын айналып әлек.

 

-Коммуналдық кәсіпорындарға 15 сәуірге дейін құдықтар бойынша барлық олқылықтарды жоюға уақыт берілді. Ретке келтірмеген жағдайда әкімшілік жазаға тартылады. Айыппұл соммасы 10-нан 40 АЕК аралығында,- дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Нариман Оспанов.

 

Қаламызда жалпы 1500-ге жуық құдық бар. Олардың басым бөлігі алпауыттың иелігінде. Алайда, рейдтік шара кезінде мамандар жеке тұлғаға тиесілі жылу камераларын да анықтаған. Бүгінде олардың иесін іздестіруде.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа