• Басты бет
  • Қоғам
  • Коммуналшылар 25 тамызға дейін орамішілік жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтайды

Коммуналшылар 25 тамызға дейін орамішілік жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтайды

 

 

 

Жоспар бойынша ұзындығы 12 шақырымға жуық орамішілік жылу желілерін қайта құру жүзеге асырылуда. Жөндеу жұмыстарының арқасында Павлодардың 54 көпқабатты үйінде ыстық сумен жабдықтау жағдайы жақсартылмақ. Олар бірінші емхана аймағындағы учаскеден бастады.

 

- Маусымның 10-на дейін бірінші учаскенің жұмыстары бітеді. Содан 3 учаске қалады. Осы, кейіннен Тұлпар дүкені, содан бірінші емхана, Гагарин және Жамбыл учаскелеріндегі қыркүйекке дейін жұмыстарды атқарып бітіреміз,-деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрлан Рашитов.

 

Жөндеу жылу торабына, яғни үйлердің жертөлелеріне дейін жүргізіледі. Жаңа құбырлардың кепілдік мерзімі кемінде 30 жыл. Тұрғын үй инспекциясы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде желілердің тозуы 97%-дан асатынын атап өтті.

 

-Тозымдылығы осы 4 учаскенің 97-98%. Бұл 1960 жылдары кезінде салынған. Сол кезден бері ауыстырылмаған. Жаңа жылу құбырлары шығып жатыр ғой соларды салып жатырмыз. Және де диаметрін үлкейтіп отырмыз,-деп жеткізді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрлан Рашитов.

 

Естеріңізге сала кетейін, жобаның жалпы құны 3,5 миллиард теңге. Бұл республикалық бюджет есебінен жасалуда. Қазіргі уақытта 2 миллиард теңге бөлінді.