Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты қосымша инфекциялық госпитальдар ашылды

Қоғам

55
Індет жұқтырғандар саны күрт артқандықтан аймағымызда қосымша емдеу орындары ашылды. Оның 210-ы үшінші қалалық аурухана негізінде болса, 150-і Зеленая рощадағы сауықтыру орталығында. Барлығы 360 кереует науқастарды қабылдауға дайын.

-Біз оларды бүгін іске қосамыз. Жабдық, медициналық персонал мен дәрі-дәрмек жеткілікті. Онда бірнеше созылмалы сырқаты бар, жағдайы орташа ауыр науқастар жатқызылады,- деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов. 

 

 

Инфекциялық ауруханалардағы бос емес кереует саны 40 % құрайды, ал жансақтау бөлімінде бұл сан 26,5 %.  Соңғысында қазір 53 адам жатыр. Көбісі созылмалы сырқаты бар егде жастағылар деді денсаулық сақтау басқармасында.  Олардың қатарында екі аяғы ауыр әйел бар.  Жағдайлары орташа ауыр. Мұнда түскендердің ешқайсысы індетке қарсы вакцина алмаған.

 

- Облысқа жалпы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компоненті бойынша 235 250 доза, екінші компоненті бойынша 165 680  доза жеткізілді. Қазір «Спутник V» 30 мыңнан аса дозасы, ал «QazVac»100 дозасы қалды. Бірінші компонентті Павлодар облысының 199 912 тұрғыны, ал екіншісін  104 628 адам алды, - деп баяндады басқарма басшысы.  

 

 

Соңғы тәулікте 178 адамнан коронавирус індеті анықталып, 80 адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда жалпы 785 адам стационарда ем алуда.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()