• Басты бет
  • Қоғам
  • Коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты қосымша инфекциялық госпитальдар ашылды

Коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты қосымша инфекциялық госпитальдар ашылды

-Біз оларды бүгін іске қосамыз. Жабдық, медициналық персонал мен дәрі-дәрмек жеткілікті. Онда бірнеше созылмалы сырқаты бар, жағдайы орташа ауыр науқастар жатқызылады,- деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов. 

 

 

Инфекциялық ауруханалардағы бос емес кереует саны 40 % құрайды, ал жансақтау бөлімінде бұл сан 26,5 %.  Соңғысында қазір 53 адам жатыр. Көбісі созылмалы сырқаты бар егде жастағылар деді денсаулық сақтау басқармасында.  Олардың қатарында екі аяғы ауыр әйел бар.  Жағдайлары орташа ауыр. Мұнда түскендердің ешқайсысы індетке қарсы вакцина алмаған.

 

- Облысқа жалпы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компоненті бойынша 235 250 доза, екінші компоненті бойынша 165 680  доза жеткізілді. Қазір «Спутник V» 30 мыңнан аса дозасы, ал «QazVac»100 дозасы қалды. Бірінші компонентті Павлодар облысының 199 912 тұрғыны, ал екіншісін  104 628 адам алды, - деп баяндады басқарма басшысы.  

 

 

Соңғы тәулікте 178 адамнан коронавирус індеті анықталып, 80 адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда жалпы 785 адам стационарда ем алуда.