• Басты бет
  • Қоғам
  • Коронавируспен ауырғандармен қатынаста болғандарға үйде отыру міндетті емес

Коронавируспен ауырғандармен қатынаста болғандарға үйде отыру міндетті емес

Айта кету керек, қазір Павлодар облысы сары аймақта. Соңғы тәулікте бар болғаны 37 коронавирус жағдайы тіркелген. Жеңілдетілген шектеулер қатарындағы жаңалықтың бірі енді елімізге шетелден келушілерден ПТР тест талап етпейді. Тек Қазақстанда мақұлданған вакцина бойынша екпе салынғаны туралы құжаты болса жеткілікті. Сонымен қатар осы аптадан бастап ата-аналарға балабақшаларға кіруге рұқсат етті. Алайда бұл мерекелерге қатысуға себеп бола алмайды. Ертеңгіліктер бұрынғысынша әр топта жеке өтеді.

 

- Балабақшаларға ата-аналар тек балаларды киіндіріп, алып шығу үшін ғана кіргіземіз. Білім ұйымдарына, мектептерге керек болған жағдайда ғана кіре алады, мәселен бірінші сынып оқушыларын кіргізгісі келсе немесе мектеп әкімшілігімен жолыққысы келсе. Ал бүкіл ата-аналар қандай да бір бұқаралық шараларға қатысу үшін кіруіне рұқсат жоқ, - дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Сонымен қатар енді коронавируспен ауырғандармен қатынаста болғандарға енді үйде отыру міндетті емес. Егер аурудың еш белгілері болмаса және екпе алған болсаңыз жұмысқа да баруға болады. Санитарлық дәрігердің айтуынша қазіргі таңда індетттің беті қайтуда. Жақын уақытта жасыл аймаққа кіруіміз де ғажап емес.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы