Короновируспен ауырғандарға қандай дәрілер тегін беріледі?
Коронавирустың жеңіл түрімен үйде емделіп жатқандарға мобильдік бригадалар тегін дәрі-дәрмектер жеткізуде. Жыл басынан мұндай 4 мыңнан астам науқас 51 миллион теңгеге бекітілген 5 түрлі препаратпен қамтамасыз етілді.
- Оның ішінде парацетамол, ибупрофен температура түсіретіндер және антикоагулянттар, бұл - Дабигатран, Ривароксабан, Апиксабан сынды осы 5 түрлі дәрі бұйрық бойынша тегін беріледі, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Касимов
Қор басшысының айтуынша өңірімізде препараттардың жетіспеушілігі жоқ. Дегенмен науқастардың санының өсуіне байланысты қосымша өтінімдер беруде. Ал қандай да бір мәселе туындаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады.
Авторы: Арнагүл Исабекова