Куәлік сатқан кәсіпорын басшысы жазаға тартылды

Анықталғандай айыпталушы "Электрогазбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша жалған куәлік сатқан. Мұндай сертификатты оқытуды жүргізбей беру қауіпті дейді экономикалық тергеу департаментінің мамандары.

 

- Ақсу қалалық сотының үкімімен ұйым басшысы кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өкілі Максим Зенгер.

 

Бас бостандығы шектелгенімен қатар ол оқыту-білім беру қызметімен байланысты коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымын атқару құқығынан 2 жылға айырылды.