Кіре берістерді дезинфекциялауға пәтер иелері төлейді

Карантин тәртібінің күшейтілуіне байланысты санитарлық нормалардың сақталуын бақылау қолға алынды. Қаланың барлық қызмет көрсетуші ұйымдары көпқабаттылардағы тәртіпке жауапты. Осы ретте, ПИК дезинфекция жұмыстарына кірісті. Оларды тұрғын-үи инспекциясы бақылайды.

 

- Павлодар қаласының барлық тұрғындарын аталмыш шара барысында белсенділік танытуға шақырамыз. Бүгінде көптеген қызмет көрсетуші ұйымдардың қорында  дезинфекциялық материалдарды сатып алуға қаражат қарастырылмаған. Мұнда жұмыстардың жасалуы міндетті жинаққа тікелей байланысты. Қаражатты адамдар жинайды, - деді Павлодар қаласы тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Бақытгүл Базылова .   

 

Қызмет көрсетуші ұйымдар есіктерді, баспалдақ арасын, тұтқаларды өндейді. Ал жеделсатыларға лифт компаниясы жауапты. Айта кетсек, ПИК дезинфекция шарасын орындау кезінде, мамандар бір сағат бойы пәтерден шықпауға кеңес береді. Себебі кіреберіс хлормен өнделеді.