Көктайғақта зардап шеккендер саны артты

-Кеше үш адамды жедел емге жатқыздық. Олардың тобығы сынған. Көбісінде сынықты түзетіп, байлап тастадық. Сынықтың орнында тұрғанына көз жеткізу үшін рентгенге түсірдік. Оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша емханада амбулаториялық тәртіпте емделуге жібердік,- деді Павлодар қаласының №1 ауруханасының травматолог дәрігері  Азамат Ибраев.

 

Травматологтар көбінесе егде жастағы адамдар зардап шегетінін айтты. Сол себепті оларға ауруханаға тап болмас үшін далада жалғыз жүрмеуге кеңес береді. Жазатайым жағдайға тап болғандардың бәрін қабылдауға дайын екенін жеткізді. Сақтандыру бар ма, жоқ па оған қарамайды.