Көлік апатында әйелі мерт болған павлодар тұрғыны 2 жылға қамалды
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылдың қыркүйек айында Сұрағанов көшесінде таңертең көлкік ағашқа соғылған. Сол кезде полицияда жолаушылар орындығында отырған қыз көз жұмды деп хабарлады. Жүргізушіні ұстап, қылмыстық іс ашты. Ер адамның мас болғаны анықталды. Ерлі-зайыптылар туысқандарының үйінен қайтып келе жатқан.
- Сот мас күйінде көлік басқарып, нәтижесінде абайсыздықпен адам өлу дерегі бойынша қылмыстық істі қарастырды. Үкім бойынша ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - дейді Павлодар қалалық №2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.
29 жастағы ер адамды енесіне бір жарым миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Ал әкесі абақтыға қамалған, анасы көз жұмған отбасыда үш бала қалды.